Туды балконға іліп қойған астаналыққа 400 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Туды балконға іліп қойған астаналыққа 400 мың теңгеге жуық айыппұл салынды ©Facebook.com

Мемлекеттік туды терезеден іліп қойған Жандос Құрманбаевқа 400 мың теңгеге жуық айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік туды терезеден іліп қойған Жандос Құрманбаевқа 400 мың теңгеге жуық айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ол Қазақстан туын үш жыл бұрын 30 мың теңгеге сатып алғанын айтты. "Әрбір қазақстандықтың патриот екенін көрсету үшін туы болуы керек деп есептеймін. Мәселен, Олимпиада, чемпионаттар болып, Қазақстан спортшылары жеңгенде балконға туды іліп қоятын әдетім бар. Дәстүрге айналған осы ісім арқылы қуанышымды көрсеткім келеді. Мен жалпы үш рет осылай жасадым - Азиада, Олимпиада және Геннадий Головкин жеңген кездерде", - деді Құрманбаев. 

Оның айтуынша, бүгін, 28 ақпанда пәтер иелері кооперативінен хабар келгенде ол спорт залында болған. "Олар маған аудандық ішкі істер департаментінің қызметкерлері келіп, туға байланысты профилактикалық әңгіме жүргізетінін айтты. (...) Мен келдім де төрт адамды көрдім - екеуі полицей, біреуі куәгер және Астана әкімдігінің ішкі саясат басқармасының сараптама, бақылау және әдістемелік жұмыс бөлімінің жетекшісі Гүлжан Елубаева. Олар пәтерде "Мемлекеттік символдарды заңсыз қолдану" бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасын толтырды. (...) 396 400 теңге айыппұл салды. Ту терезеден ілініп тұрды, ол сабында болды", - деді Құрманбаев.

Ол мұнымен келіспейтінін айтты. "Мен заңгерлерге барып, бұған қарсы боламын", - деді ол. Құрманбаев бұған дейін өзінің мемлекеттің атынан мемлекеттік барлық дұрыс символды - ту, елтаңба және әнұранды жүктеп қоятын арнайы сайт немесе портал жасауды ұсынғанын ескертті.

Өз кезегінде Астана әкімдігінің ішкі саясат басқармасының сараптама, бақылау және әдістемелік жұмыс бөлімінің жетекшісі Гүлжан Елубаева айыппұлдың заңнама аясында салынғанын түсіндірді. "Балконда мемлекеттік тудың ілінгені және шара қолдануымыз керектігі жайлы хабар түсті. Тұрғынға "Мемлекеттік символдарды заңсыз қолдану" бабы бойынша 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ол мемлекеттік символдарды орналастыру ережесін бұзды, заңсыз қолдану, яғни балконда. Заңнамалық түрде бекітілген белгілі бір ережелер бар", - деді Елубаева.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети