Туды көлікке ілу заңға қайшы ма: министрлік мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Туды көлікке ілу заңға қайшы ма: министрлік мәлімдеме жасады Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік туды көлікке іліп жүруге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік туды көлікке іліп жүруге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мән-жайы

Тәуелсіздік күні мерекесінде әлеуметтік желі қолданушылары туға көлік безендірген жүргізушілердің жол полициясы қызметкерлері тарапынан тоқтатылғаны туралы айтып жазған.

Ішкі істер министрлігі осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасаған еді. Олар мемлекеттік туды көлікке ілу заң бұзу емесін айтып өтті.

"Кейбір қазақстандықтар мерекелік шаралар кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзып, басқаларға кедергі келтіріп, көшелерді жауып тастаған", - делінген жауапта.

Сонымен қатар, ІІМ көліктерді заңсыз тоқтату дерегі тексерілетінін және кінәлі полицейлердің жазаланатынын айтты.

Министрлік ұстанымы қандай?

Министрлік мемлекеттік туды көлікте орналастыру әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын растады.

"Мемлекеттік рәміздерді қолданудың заңмен белгіленген ережелері бар. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі олардың дұрыс қолдану тәртібін қадағалайды. Біз азаматтардың патриоттық сезімін білдіру, қазақстандық бірегейлікті сақтау, ел мен азаматтардың жетістіктерін насихаттау мақсатында мемлекеттік рәміздерді пайдалануды қолдаймыз, бірақ ол қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асуға тиіс", - делінген жазбада.

Сондай-ақ, олар мемлекеттік символдарды қолдану Қазақстан заңдарымен реттелетінін және министрлік олардың қолданылуын бақылауды жүзеге асыратынын еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.12  course down  603.32  course up  6.44  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети