Петропавлда бақытқа толы керемет оқиға болды. Жиһаз компаниясының 36 жастағы қызметкері туған күніне өз-өзіне сыйлық жасады: ол "Сәтті Жұлдыздың" "LOTO 6/49" тиражды лотереясында Джекпот ұтты.
Петропавлда бақытқа толы керемет оқиға болды. Жиһаз компаниясының 36 жастағы қызметкері туған күніне өз-өзіне сыйлық жасады: ол "Сәтті Жұлдыздың" "LOTO 6/49" тиражды лотереясында Джекпот ұтты.
Константиннің оқиғасы 14 ақпанда, туған күнінде басталған. Сол күні оның туыстары аздаған қаржылай сыйлық 18 000 теңгедей берген. Туған күн иесі сәл ойланып, барлық сомаға "LOTO 6/49" лотереясының билеттерін сатып алуды шешкен.
"Лотереяға қатысып жүргеніме көп болған жоқ: жаңа жылдан бері. Бастапқыда күмәнмен қарап, қатысып жүрдім. Кейіннен 500, 1000 теңге көлемінде аздаған сома жеңе бастадым. Бұл ары қарай қатысуыма мотивация болды. Бастапқыда сату орталықтарында қағаз билет алып жүрдім, сосын мобильді қосымшаға ауыстым. Әрине, ол ыңғайлы және тез", - дейді Константин.
15 ақпанда ол еш күдіксіз, алдымен жұмысына барып, сол жерде СМС келіп, артынша "Сәтті Жұлдыздан" хабар түскен.
"Бастапқыда мобильді қосымшада 109 миллион теңге ұтқанымды көріп, әрине, сене алмадым. Артынша, маған лотерея қызметкерлері хабарласып, расында ұтып алғанымды айтты. Қатты таңғалдым. Жұмыста жалғыз болдым, сол сәттегі күйімді ешкім көрмеді. Жұмыс күнінің соңына дейін отыру қиын болды", - дейді ұтыс иесі.
Константиннің жақындары оның ұтысы туралы әлі білмейді. Ұтқан сомасы банктегі шотына түскен кезде сый ретінде хабарлағысы келетінін айтады. "Сәтті Жұлдыз" өкілдерінің мәліметінше, Константин ұтқан ақшасын 30 күннің ішінде алады. Петропавл тұрғыны бұл соманы қандай мақсатта жұмсайтынын шешіп қойғандай көрінеді.
"Бізде жеке баспанамыз жоқ - біз пәтерді жалға алып тұрамыз. Сондықтан ең алдымен баспана сатып алғымыз келеді. Одан бөлек, көлігіміз де ескі, соны ауыстырсам деймін. Отбасымызбен саяхаттап келетін шығармыз, көптен бері демалмаған едік", - дейді Константин.
Ол одан кейін де ұтыс ойындарына қатысатынын айтады. Бірақ ұтыс иесі саналы түрде, жеке қаражатыңа зиян келтірмей ойнау керегін айтады.
"Мұндай соманы ұтып алуға болатынын ойлаған да емеспін. Ал бұл әбден мүмкін нәрсе екен. Жолым болды деп ойлаймын: ұтысқа жетудің ешқандай техникасын білмеймін. Тек өзіңе сенім арту керек. Өзіңе мүмкіндік беру керек", - деді ұтыс иесі.
Әрине, лотереяны табыс көзі немесе инвестиция ретінде қарастыруға келмес. Тек аз-аздан бақ сынауға болады. Айта кетейік, былтыр "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясының арқасында 118 қазақстандық миллионер атанды және қосымша бес пәтер мен жеті автокөлік ойнатылды.
Сонымен қатар, "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясы жыл сайын responsible gamе қағидаттары бойынша сертификаттау шеңберінде аудиттен өтеді, бұл компанияның WLA (World Lottery Association/ әлемдік лотерея қауымдастығы) және ELA (European Lottery Association/ Еуропалық лотерея қауымдастығы) мәртебесін растайды.
Айта кетейік, өз қызметі барысында "Сәтті Жұлдыз" Қазақстанда спортты дамытуға 7,65 миллиард теңге бөлді. Бұдан басқа, 2022 жылдан бастап компания "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорын қолдайды және осы жылдан бастап Операциялық ойын табысының 10 пайызы отандық спортты дамытуға аударылады. "Сәтті Жұлдыз" АҚ барлығы 10,5 миллиард теңге салық аударымдарын өндірді және өткен жылы ғана мемлекеттік қазынаға талап етілмеген ұтыстар түрінде 73 миллион теңге аударды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!