20 желтоқсан 2016 | 11:43

"Туған күніңмен", "Махаббат" ескерткіш күміс монеталары шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Туған күніңмен", "Махаббат" ескерткіш күміс монеталарын және нейзильбер қоспасынан "Петропавл" монеталары айналысқа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

"Туған күніңмен", "Махаббат" ескерткіш күміс монеталарын және нейзильбер қоспасынан "Петропавл" монеталары айналысқа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2016 жылғы 20 желтоқсанда "proof" сапасымен "Монета - сыйлық" монеталар сериясынан номиналы 100 теңгелік "Туған күніңмен", "Жүректен жүрекке" монеталар сериясынан номиналы 500 теңгелік "Махаббат" ескерткіш күміс монеталарын және нейзильбер қоспасынан "Қазақстанның қалалары" монеталар сериясынан номиналы 50 теңгелік "Петропавл" ескерткіш монеталарын айналысқа шығарады", - делінген хабарламада. 

"Туған күніңмен" монетасы - "Монета - сыйлық" монеталар сериясын жалғастыратын тік бұрышты үшінші монета. Монета реверсінетампографиялық мөрді қолдана отырып дайындалған. Әрбір монетаға міндетті түрде қоса берілетін сапа сертификатында жазбаша, атаулы құттықтауға арналған бірнеше бос жол көзделген.

Монетаның пішіні тік бұрышты. Монетаның бет жағында (аверсінде) сүргіш таңбасының қоршауындағы стильдендірілген гүл бейнеленген, оның үстінде айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" және ағылшын тілінде "NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN" деген жазу бар. Гүлдің ортасында Қазақстан Республикасының елтаңбасы орналасқан. Оң жағында өрнектелген розетка, монетаның номиналын білдіретін "100 ТЕҢГЕ" деген жазба, соғылған жылын білдіретін "2016" деген сан және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "Ag 925  31,1 g" деген жазу бар.  Сол жағында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан.

Монетаның реверсінде ортасында сары гелиантустардан тұратын гүл шоғы түріндегі композиция бейнеленген. Монетаның жоғарғы бөлігінде мемлекеттік тілдегі "ТУҒАН КҮНІҢМЕН!", төменгі бөлігінде орыс тіліндегі "С ДНЕМ РОЖДЕНИЯ!" деген жазба бар. Түсі тампомөр технологиясы арқылы орындалған. Монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Қыры (гурты) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1± 0,31 грамм, тік бұрышы 45х30 мм, дайындау сапасы - "proof", ең көп таралымы - 5 мың дана.

Ал "Махаббат" монетасы монеталарда адамзатқа ортақ құндылықтарды көрсетуге және оларды адамнан адамға, жүректен жүрекке өзіндік бағдар ретінде жеткізуге арналған серияның екінші монетасы.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ішіне ою-өрнек салынған жүректің стильдендірілген бейнесі, монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазба, монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін "Ag 925 31,1 g" деген жазба және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстінде мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" және ағылшын тілінде "NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN" деген жазу бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте екі ғашықтың алтындатылған бейнесі, мемлекеттік тілде "МАХАББАТ", орыс тілінде "ЛЮБОВЬ" деген жазба және соғылған жылын білдіретін "2016" деген сан орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, онда мемлекеттік тілде "ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ", орыс тілінде "ОТ СЕРДЦА К СЕРДЦУ" және ағылшын тілінде "FROM HEART TO HEART" деп жазылған.

Монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Қыры (гурты) бедерлі. Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы - 31,1± 0,31 грамм, диаметрі - 38,61 мм, дайындау сапасы - "proof", ең көп таралымы - 3 мың дана.

"Петропавл" монетасының бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "50 ТЕҢГЕ" деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрышты  розетка, төменгі бөлігінде - ұлттық ою-өрнек элементі. Номиналдың оң жағында "ҚҰБ" деген аббревиатура орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Петропавл қаласының гербі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін "2016" деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген. Монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Қыры (гурты) бедерлі. Монеталар "нейзильбер" қоспасынан жасалған, диаметрі - 23 мм, массасы - 4,71 грамм, таралымы - 50 мың дана.

Номиналы 50 теңгелік, 100 теңгелік және 500 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Айта кетейік, ескерткіш монеталарды "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы  25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі - ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген. "Proof" сапасымен жасалған монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың бір мың данасы жақсартылған сапамен дайындалған және сату үшін арнайы пластикалық термовакуумды орауға салынған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети