Сирияға жүздеген адам кетіп, ол жақта көбі қайтыс болды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сирияға жүздеген адам кетіп, ол жақта көбі қайтыс болды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жақында біз көрдік, соғыс жүріп жатқан жерден, терроршылардың қолынан тартып алдық. 47 азаматымыз болды. Біздің және басқа елдің арнайы қорғаныс қызметкерлері үшін бұл өте маңызды және қауіпті операция болды. Азаматтарды алдап, көктегі жұмақты уәде еткен, сосын сол жаққа алып кеткен. Олар соғысты, ал енді осы терроршыларды барлық ел бомбалап, өлітіріп жатыр. Біздің азаматтар да ұсталып қалды. Жүздеген адам. Көбін өлтірді. Біз бұл жұмысты (тірі қалғандарды елге қайтаруды) жалғастырамыз", - деді Президент.
Оның сөзінше, қайтып оралған қазақстандықтарды ұзақ оңалту барысы күтіп тұр.
"Балалар ұшақтан түсе сала өз аналарынан "бұл жерге бомба құламай ма?" деп сұрап жатыр екен. Туғаннан бомбаға еті үйреніп қалған" - дейді Назарбаев.
Сириядан қайтарылған жеті қазақстандық терроризмге қатысы бар деген күдікке ілінді
Еске салайық, 5-6 қаңтарда Сирияда қазақстандықтарды құтқару операциясына "Жусан" аты берілді. Ақорда баспасөз қызметі құтқару шарасы туралы деректі видеоролик ұсынды. Әскерилер мен құтқарушылар 5 қаңтарда Ақтаудан ұшып шықты. Ұшақта гуманитарлық көмек, алғашқы қажетті заттар, тамақтану жиынтықтары салынған пакеттер болды.
47 қазақстандық Сириядан қайтарылды: Назарбаев үндеу жасады
Эвакуация орнына қазақстандық күштер 5 қаңтарда 15:45-те жетті. Видеода балалар үшін қолайлы ұшу шаралары жасалғаны көрсетілген, оларды тамақтандырып, кітаптар мен ойыншықтар берді. Кейбір ер адамдарды ұшаққа көзін жауып кіргізді. Қазақстандықтар отырған борт Ақтауға 6 қаңтарда түнгі сағат екі шамасында қонды.