Түймебаевпен кездесу кезінде кемшіліктер жасағн аудан әкімі жазаға тартылды

Түймебаевпен кездесу кезінде кемшіліктер жасағн аудан әкімі жазаға тартылды © Tengrinews.kz

Сарыа?аш ауданыны? ?кіміне О?т?стік ?аза?стан облысыны? ?кімі Жансейіт Т?ймебаевпен кездесу ?йымдастыруда кемшіліктерге жол бергені ?шін  ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыс ?кіміні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Сарыағаш ауданының әкіміне Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесу ұйымдастыруда кемшіліктерге жол бергені үшін  ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Облыс әкімінің Сарыағаш ауданына 29 қарашадағы іс-сапары барысында, аудан әкімдігі тарапынан шараларға дайындығы кезінде кемшіліктерге жол берілді. Атап айтсақ, аймақ басшысына аудан орталығындағы кітапхананың ашылу салтанатының уақыты туралы қате мәлімет берілген. Салдарынан ашылу салтанаты белгіленген уақытынан кеш өткізілді. Ашылу салтанатына жиналған адамдарға айтарлықтай уақыт күту керек болды", - делінген хабарламада. 

Осы кемшіліктерге қатысты Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Абдуалиевке ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылғаны айтылады. 

Реклама
Реклама

Мұның алдында Сарыағаш ауданының тұрғындары ОҚО әкімін 3 сағаттан аса уақыт далада күткен. Жансейіт Түймебаев Сарыағаш қаласында жаңа кітапхананы ашу керек болатын. Жергілікті билік ашылу слтанатына жергілікті ақсақалдар мен өзге де жұртшылықты шақырып қойған. 

Ашылу 16:00-ге жоспарланған, алайда, аймақ басшысы кешіккендіктен салтанатты шар қараңғы түскенде өтті. ОҚО әкімі кешіккені үшін халықтан кешірім сұрады

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама