30 қараша 2016 13:25

Сарыағаш қариялары облыс әкімінің келуін үш сағат даладағы суықта күтіп отырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

 ОҚО әкімі Сарыағаш тұрғындары алдында үш сағаттан аса уақыт далада күттіріп қойғаны үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жансейіт Түймебаев Сарыағаш қаласында жаңа кітапхананы ашу керек болатын, ал жергілікті билік өкілдері салтанатты шараға ақсақалдар мен тұрғындарды шақырып қойған екен.


 ОҚО әкімі Сарыағаш тұрғындары алдында үш сағаттан аса уақыт далада күттіріп қойғаны үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жансейіт Түймебаев Сарыағаш қаласында жаңа кітапхананы ашу керек болатын, ал жергілікті билік өкілдері салтанатты шараға ақсақалдар мен тұрғындарды шақырып қойған екен.

Ашылу салтанаты сағат 16:00-ге белгіленген болатын. Би ұжымдары мен ұлттық киімдегі әжейлер басты қонақты күтуге дайындалған. Адамдар суықта тоңып қалмас үшін ғимаратқа кіріп отырмақ болғанымен, кітапхана әкімшілігі мұнда тек ашылу салтанатынан кейін кіруге рұқсат деп адамдарды ішке кіргізуден бас тартқан.

Суыққа тонған адамдар көршілес тұрған ХҚКО ғимаратына кірген. Ол жерде қызметкерлер тұрғындарға ыстық шәй берген. ОҚО әкімі қараңғы түскенде келіп, кешіккені үшін кешірім сұрады және кітапхананы салтанатты түрде ашты. Жергілікті тұрғындармен тілдесе отырып, әкім тағы бір рет кешіріп сұрап, аралайтын нысандардың көптігінен осылай болғанын түсіндірді.

"Нысан көп, аудан үлкен. Мен сіздерді күттіріп қоғаным үшін кешірім сұраймын. Күткендеріңізге және мыңдаған кітабы бар кітапхананы бірге ашқанымызға алғысымды айтамын. Сіздерге сәттілік және оқырмандарыңыз көп болсын", - деді ОҚО әкімі.

Әкім кітапхананы аралап шығып, кітапханашылардың әдемілігін ұшақ жолсеріктеріне теңеп, жылы сөз айтты. 

Сол күні Сарыағаш ауданының активтерінің жиналысында Жансейіт Түймебаев Сарығаш полицейлерінің жұмысын сынға алды. Жиналыс барысында ол аудандағы қылмыс деңгейінің статистикасын келтірді және жергілікті полицияға ведомство жұмысын реттеуді тапсырды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети