Түлектер "Алтын белгі" саны бойынша рекорд орнатты

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша, 9 738 түлек "Алтын белгі" иегері атанды. Бұл көрсеткіш бойынша өткен жылдармен салыстырғанда рекорд орнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша, 9 738 түлек "Алтын белгі" иегері атанды. Бұл көрсеткіш бойынша өткен жылдармен салыстырғанда рекорд орнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Министрлік деректері бойынша, 2019 жылы төсбелгіні 7 349 оқушы, 2020 жылы 8 615 оқушы иеленген. Биыл "Алтын белгі" иегері атанған түлектердің басым бөлігі Түркістан (1 856), Алматы (1 432) және Шығыс Қазақстан (738) облыстарынан екені хабарланды. Ерекше үлгідегі аттестат иегерлері салтанатты іс-шара барысында марапатталды.

"9 738 үміткер қорытынды аттестаттау барысында өз білімін дәлелдеп, "Алтын белгі" иегері атанды. Бұл түлектердің жалпы санының 6,2 пайызы. Мектеп оқушыларының саны жыл сайын артып келеді. Осыған байланысты, жақсы көрсеткіштерге жеткендердің саны да өсіп жатыр. Сонымен қатар, тағы қуантарлық жәйт - "Алтын белгі" иегерлерінің көбі мұғалім мамандығын таңдап жатыр. Болашақта дәл осындай оқушыларымыз мұғалімдердің қатарын толықтырса, нұр үстіне нұр", - деді ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова.

Биыл "Алтын белгіге" үміткерлердің емтихан жұмыстарын мектептер емес, білім басқармалары жанындағы комиссиялар қарағанын айта кеткен жөн. Комиссия құрамына білікті әрі тәжірибелі пән мұғалімдері кіреді. Құрылған комиссияның шешімінен кейін ғана оқу озаттарының тізімі бекітілді. Бұл "Алтын белгі" тағайындау рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық қаупін жояды.

"Жалпы биыл қазақстандық оқушылар әлемдік зияткерлік байқауларға қатысып, 67 алтын, 125 күміс және 195 қола медаль жеңіп алды. Сонымен бірге халықаралық аренада өз білімін көрсетті. Қазақстан әлемнің 110 елінің арасында бейресми командалық есепте үздік отыздыққа кірді. 1998 жылы Қазақстан 50-орында болған еді", - деді БҒМ өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro