01 сәуір 2022 | 16:48

Түлектердің грантқа түсуге екі мүмкіндігі болады - Аймағамбетов

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Түлектердің ҰБТ тапсыруға екі мүмкіндігі бар. Бұл грантқа түсемін дегендерге жақсы мүмкіндік деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Түлектердің ҰБТ тапсыруға екі мүмкіндігі бар. Бұл грантқа түсемін дегендерге жақсы мүмкіндік деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Instagram-да грантқа түсу үшін ҰБТ тапсыруға екі рет мүмкіндік беруді сұрап мені белгілеген бірнеше жазбаны көзім шалды. Шешім қабылдағанда мектеп оқушыларының мүддесіне басымдық бердік. Сондықтан бұл жолы біз сіздің пайдаңызға шешім қабылдадық, сіздің ҰБТ тапсыруға және грантқа түсуге екі мүмкіндігіңіз бар. Бұл эмоционалдық жүктеме мен стресті азайтады", - деді білім министрі түлектерге арнаған үндеуінде.

Сонымен қатар, Аймағамбетов ҰБТ электронды форматқа көшіріліп, мүмкіндігінше әділ болатынын айтты.

"Орнатылған камералар, бақылау жүйесі және хабар тарату сізді уайымдатпауы керек. Бұл шара әділ нәтиже алу үшін қажет.

ҰБТ жылына бір емес, төрт рет өткізіледі. Бұл біздің қызметкерлердің күш-жігерін талап етсе де, сіздің уайымдарыңызды азайтатынын және бірден университеттерге түсуге бірнеше мүмкіндік беретінін білеміз", - деп қосты ол.

Министрдің айтуынша, ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін де арнайы жағдай жасалған. Биылдан бастап оларға тапсырмаларды орындауға қосымша 40 минут уақыт берілді.

"Ыңғайлы болу үшін калькуляторларды пайдалануға рұқсат еттік.

Биылғы жылы ҰБТ ұпайлары туралы ғана емес, әр пән бойынша нәтижелердің тақырыптық талдауын аласыз. Бұл сіздің әлсіз жақтарыңызды талдауға және біліміңізді жетілдіруге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының қолдауының арқасында қазір грант алуға мүмкіндіктеріңіз көп. Биыл тағы 15 мың грант бөлініп, шәкіртақы мөлшері 15 пайызға өсті", - деді Білім және ғылым министрлігінің басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 523.21   550.47   4.96 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети