Қазақстанда 11 облыста дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда 11 облыста дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Атырауда 20 қазанда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Күндіз Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай ойнайды. Жел шығыстан соғады, орталықта, облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Ұлытау облысында шығыс, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман, облыстың орталығында температура 3 градусқа төмендейді. Талдықорғанда түнде 1-3 градус суық болуы мүмкін.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Петропавлда 20 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.
Сондай-ақ синоптиктердің мәліметінше, түнде және таңертең Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Ақтөбе облысында жел шығыстан соғады, оңтүстік-батысында, орталығында, шығысында екпіні секундына 15-18 метр.
Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!