Тұман, жаңбыр және үсік: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұман, жаңбыр және үсік: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

Синоптиктер 15, 16 және 17 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 15, 16 және 17 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады деп күтіледі, жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, түнде батыс, солтүстік, шығыс, орталық аймақтарда және таулы өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Қай өңірлерде жауын-шашын болады?

15 сәуір түнде Ақмола облысында, 15 сәуір түнде және 16 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, 15 сәуір түнде және 16 сәуір күні бойы Абай облысында, 16 сәуірде Қарағанды, Алматы және Жетісу облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Қай өңірлерде тұман түсіп, үсік жүреді?

Еліміз бойынша тұман күтіледі. 15-17 сәуір түндері Батыс Қазақстанда, 15-16 сәуірде Атырау мен Ақмола облыстарында, 15-17 сәуірде Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан мен Абай облыстарында, 16 сәуірде Павлодар облысында, 16-17 сәуірде Ұлытау және Қарағанды облыстарында, 15 және 17 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында 1-5 градус үсік жүреді деп болжанған.

Ауа температурасы қандай болады?

  • Батыста ауа температурасы 15-20 градустан 17-23 градусқа дейін жоғарылайды;
  • Оңтүстік-батыста негізгі температура 15-25 градус жылы;
  • Солтүстік-батыста 8-16 градустан 12-20 градусқа дейін жоғарылайды, 17 сәуірде солтүстігінде 5-10 градусқа дейін төмендейді;
  • Солтүстікте 7-15 градустан 0-10 градусқа дейін төмендейді;
  • Орталықта 10-18 градустан 13-21 градусқа дейін жоғарылайды;
  • Шығыста 9-18 градустан 10-20 градусқа дейін жоғарылайды;
  • Оңтүстікте 15-23 градустан 17-25 градусқа дейін көтеріледі;
  • Оңтүстік-шығыста 17-23 градустан 13-20 градусқа дейін төмендейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети