Тұман және бұрқасын: Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұман және бұрқасын: Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазгидромет Алматы және Астана қалаларындағы 25-27 желтоқсан аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет Алматы және Астана қалаларындағы 25-27 желтоқсан аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

25 желтоқсан күні Астанада бұлтты, жауын-шашынсыз. Уақытша тұман түседі. Жел оңтүстіктен 2-7 м/с. Түнде ауа температурасы 12-14 градус аяз, күндіз 6-8 градус аяз.

26 желтоқсан күні бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 5-10 м/с. Түнде ауа температурасы 15-17 градус аяз, күндіз 8-10 градус аяз.

27 желтоқсан күні бұлтты, күндіз қар жауып, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы 9-11 градус аяз, күндіз 5-7 градус аяз.

Алматыдағы ауа райы болжамы

25 желтоқсан күні Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел екпіні 0-5 м/с. Түнде ауа температурасы 10-12 градус аяз, күндіз 1-3 градус аяз.

26 желтоқсан күні бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 2-7 м/с. Түнде ауа температурасы 8-10 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.

27 желтоқсан күні бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 2-7 м/с. Түнде ауа температурасы 5-7 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети