13 мамыр 2018 | 18:07

Тұман және дауыл: 14 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© orshagrad.by © orshagrad.by

Синоптиктер ертең, 14 мамырда елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер ертең, 14 мамырда елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметтері бойынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде найзағай мен жаңбыр сақталады, тек батыс, оңтүстік және орталықта жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі.

"Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде желдің күшеюі күтіледі, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20, күндіз кей жерлерінде 23-28 метр болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі", - деп ескертті мамандар.

Сонымен қатар, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, күндіз кей жерлерінде найзағай ойнайды. Павлодар, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертен тұманды болады. Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, күндіз кей жерлерінде жел күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде найзағай болып, күндіз кей жерлерінде жел күшейеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети