Тұман және жел: Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұман және жел: Қазақстанда ауа райы қандай болады? Фото: depositphotos.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 8 қарашада елдің бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел соғатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 8 қарашада елдің бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел соғатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында тұман күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың таулы аудандарында кей уақытта 23 м/с.

Шымкентте оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети