18 наурызда еліміздің он облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның бірқатар аймақтарында жел күшейіп, тұман түсіп, қардың еруі күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
18 наурызда еліміздің он облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның бірқатар аймақтарында жел күшейіп, тұман түсіп, қардың еруі күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Ертең республиканың басым бөлігінде атмосфералық қысымның жоғарылауы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, батыста көктайғақ, оңтүстік-батыста құмды дауыл тұрады.
18 наурызда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында құмды дауыл соғады. Облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 15-20 метр.
Түнде батыста, оңтүстікте, күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Оралда 18 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
18 наурызда Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен, күндіз солтүстікте, облыс орталығында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.
Күндіз батыста, Ақтөбе облысының орталығында көктайғақ күтіледі. Шығыстан жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде орталықта, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Атырау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 18 наурызда Атырауда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
Күндіз Қостанай облысының батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.
Жетісу облысының Алакөл аумағында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20, екпіні 23-28 метрге жетеді.
Бірақ Жамбыл облысында (Сарысу, Талас және Жуалы аудандары) болжанатын температура фонының жоғарылауына байланысты қардың қарқынды еруі, еріген сулардың пайда болуы, еңіс ағынды сулар және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!