Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз, жауын-шашынды ауа райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге күшейіп, түнде екпіні секундына 23-28 метр болуы күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге дейін күшейеді.
Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Қостанай, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, секундына 15-20 метр жел күшейеді, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Павлодар, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метр болады, Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.