Тұман және көктайғақ: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұман және көктайғақ: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

"Қазгидромет" синоптиктері 14 қаңтарда елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады. Мамандардың болжамына қарағанда, кей өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады, ал енді бір өңірлерде екпіні күшті жел соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" синоптиктері 14 қаңтарда елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады. Мамандардың болжамына қарағанда, кей өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады, ал енді бір өңірлерде екпіні күшті жел соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде тұман.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Абай облысының шығысында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында екпіні - 23 м/с.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні кей уақытта секундына 23-28 метрге жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман.

Қостанай облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети