Тұман, көктайғақ болады. 6 өңірде ескерту жарияланды

Фото: elements.envato.com

"Қазгидромет" синоптиктері тұманға байланысты алты облыста ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері тұманға байланысты алты облыста ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Көкшетауда көктайғақ болады.

28 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз оңтүстік-шығыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Оралда 28 қаңтарда түнде және таңертең тұман түседі.

Реклама
Реклама

Қарағанды және Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

28 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 18-23 метрге жетеді. Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 17-22 метр.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.

Еске салайық, "Қазгидромет" синоптиктері үш күнге - 28-30 қаңтар аралығына болжамын жариялаған болатын. Циклондар жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкеледі, сонымен қатар күн айтарлықтай жылынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама