Тұман, көктайғақ, бұрқасын: Қазақстанның басым бөлігінде ескерту жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұман, көктайғақ, бұрқасын: Қазақстанның басым бөлігінде ескерту жасалды Фото:depositphotos.com

Синоптиктердің болжамынша, 27 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, енді бір өңірлерде бұрқасын мен екпіні күшті жел соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктердің болжамынша, 27 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, енді бір өңірлерде бұрқасын мен екпіні күшті жел соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, тұман.

Қарағанды облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге, Жарма ауданында 23-28 метрге дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысынык солтүстігінде жолдарда көктайғақ болады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады, күндіз бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 23 м/с-қа жетеді.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети