Тұман, көктайғақ, жауын-шашын: 14 аймақта ескерту жарияланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұман, көктайғақ, жауын-шашын: 14 аймақта ескерту жарияланды Фото:depositphotos.com

7 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы бұлтты болып, жауын-шашын, көктайғақ және тұман күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

7 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы бұлтты болып, жауын-шашын, көктайғақ және тұман күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Астана – көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

Алматы – түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шымкент – түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жетісу облысы – түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Алакөл көлдері ауданында жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

Алматы облысы – түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Қонаевта түнде және таңертең тұман.

Атырау облысы – түнде және таңертең батыс бөлігінде тұман күтіледі.

Абай облысы – түнде батыс, солтүстік және орталық аудандарында қар, боран, көктайғақ күтіледі. Күндіз солтүстік, шығыс және орталықта жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні облыстың батысы, солтүстігі және орталығында секундына 15-20, күндіз 25 метрге дейін. Семейде қар, боран болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы – батысында, солтүстігінде және шығысында қар, боран, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен, екпіні 15-20, күндіз 23 м/с. Өскеменде қар, боран. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысы – батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарда тұман күтіледі. Таулы аймақтарда жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Таразда кей уақытта тұман.

Павлодар облысы – жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысы және оңтүстігінде боран. Көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні батыс пен оңтүстікте 15-20 м/с. Павлодарда көктайғақ.

Қостанай облысы – батысында, солтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең солтүстік және шығыс бөлігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, екпіні 15-20 м/с. Қостанайда жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ. Жел күндіз 15-20 м/с.

Ақмола облысы – түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз солтүстік пен шығыста кейде 23-28 м/с. Көкшетауда көктайғақ. Жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысы – түнде солтүстігі мен шығысында қар, боран, көктайғақ, күндіз солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 9-14 м/с, солтүстік және шығысында 15-20 м/с. Қарағандыда жел 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы – жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Батысы мен солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20, батысы мен оңтүстігінде 25 м/с. Петропавлда жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ. Жел 15-20 м/с.

Маңғыстау облысы – түнде және таңертең солтүстік-шығыс бөлігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысы – оңтүстігі, солтүстігі және таулы аудандарда тұман. Түркістанда түнде және таңертең тұман.

Батыс Қазақстан облысы – түнде және таңертең облыстың батысы, солтүстігі және шығысында тұман. Оралда түнде және таңертең тұман.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети