Тұман түсіп, бұрқасын соғады: Астана мен Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұман түсіп, бұрқасын соғады: Астана мен Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

13 қарашада Астанада ауыспалы бұлтты, күндіз қар жауады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 9-14 метр болады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 5-7 градус аяз.

14 қарашада көшпелі бұлт шығады, кейде қар, боран болады. Жел оңтүстік-батыс, батыстан соғады, екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 3-5 градус аяз.

14 қарашада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 3-5 градус аяз.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

13 қарашада Алматыда күн бұлтты, өткінші жауын-шашын болады, кешке қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 5-7 градус жылы.

14 қарашада көшпелі бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде тұман. Жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз 1-3 градус аяз.

15 қарашада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.12  course down  603.32  course up  6.44  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети