Алматы әуежайын басқан қалың тұман SCAT әуе компаниясының он рейсінің бес сағаттан 10 сағатқа дейін кешігуіне себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әуе көліктері қарашаның 26-сынан 27-сіне дейін метеожағдайлардың жақсаруын күтуге мәжбүр болды.

Ұшақтарға Алматы мен өңірлердегі әуежайларда ауа райының жақсаруын күте тұруға тура келген. Соның салдарынан ұшулардың кестесіне өзгеріс енді. Қарағанды, Тараз, Өскемен, Семей және Жезқазған қалаларына және сол қалалардан ұшатын рейстердің уақыты өзгерді. Әуе компаниясының баспасөз қызметі ұшатын уақытын күтуге мәжбүр болған жолаушыларға тамақ берілгенін айтты. "SCAT әуе компаниясы келтірілген ыңғайсыздық үшін кешірім сұрайды", - деп хабарлады әуетасымалдаушы өкілдері.
Айта кетейік, Алматы әуежайының сайтында тағы 20 рейстің кешіккені туралы ақпарат хабарланады. Атап айтқанда, "Эйр Астана", FlyJet.kz, Hainan Airlines, "Инвест Авиа" және Ukraine International әуе компанияларының рейстері кестесінен кешікті. Еске сала кетейік, 23 қараша күні де Алматы әуежайын қалың тұман басқан еді. Ол кезде 27 рейс кешіктірілді.