Қазақстанда ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың маусымдық көрсеткіші тіркелді. Науқастар жоғары температураға, тамақ ауруы мен әлсіздікке шағымданды. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусты тұмаудан қалай ажыратуға болатынын және ағзаны маусымдық вирустан қалай қорғау керектігін зерттеді.
Қазақстанда ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың маусымдық көрсеткіші тіркелді. Науқастар жоғары температураға, тамақ ауруы мен әлсіздікке шағымданды. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусты тұмаудан қалай ажыратуға болатынын және ағзаны маусымдық вирустан қалай қорғау керектігін зерттеді.
Қыркүйек айынан бастап әлеуметтік желілерде коронавирусқа ұқсас белгімен ауырған адамдардың жазбасы тарай бастады. Белгілері: жоғары температура, тамақ ауруы, мұрынның ағуы тіпті конъюнктивит те бар.
Қазақстандық дәрігерлер симптомдарға қарамастан, өз бетінше диагноз қоюға болмайтынын ескертті.
Жоғары санатты педиатр Бақытгүл Рақышеваның айтуынша, ауруды анықтау үшін ең алдымен ПТР анализін тапсыру керек.
"Тамақ ауруының себептері әртүрлі болуы мүмкін. Вирустық аурулардан, сыртқы факторлардан, сондай-ақ бактериялық инфекциялардан да тамақ ауру болады. Ірі қалаларда ластанған ауа, көліктердің түтіні сияқты сыртқы факторлар әсер етеді. Сондай-ақ, салқын жерде көп жүру де аурудың себебі болуы мүмкін. Ауру көп жағдайда өздігінен кетеді және бұл қалыпты жағдай. Егер тамақтағы жағымсыз сезім ұзақ уақыт бойы жалғасып, сөйлесуге, тамақтануға кедергі келтірсе, онда дәрігерге көріну керек", - деп кеңес береді маман.
Күзде қазақстандықтар тамақ ауруы, қатты бас ауруы, мұрынның ағуы секілді белгілерді айтып жиі шағымдана бастады. Дегенмен, көпшілік бұл ауруды суық тиюге қарағанда ауыр деңгейде өтетінін айтты.
"Алматыда А тұмауы тіркелді. Біздің емханада өткен жылы мұндай санаттағы тұмау болған жоқ. Қазір бізде біріншілік науқастарды қабылдайтын сүзгі тобы және үйді аралайтын мобильді топ жұмыс істейді. Науқастарды қарау кезінде ПТР тесті міндетті түрде қабылданады, себебі коронавируспен белгілері өте ұқсас. Қазір ЖРВИ маусымы жүріп жатыр. А тұмауы клиникада расталды, дегенмен бір ай бұрын тұмауға қарсы вакцинация басталды, көптеген адамдар вакцина алды", - деді педиатр.
Маусымдық ауруды емдеу үшін дәрігердің айтуы бойынша вирусқа қарсы препараттарды қолдану қажет, қажет болған жағдайда антипиретикалық препараттарды қосу керек.
"Диагнозды анықтау үшін біз алдымен жоғарғы тыныс жолдарын тексереміз. Егер диагноз расталса, онда симптоматикалық ем тағайындалады. Бұған вирусқа қарсы препараттар мен қызуды түсіретін дәрі-дәрмектер, көп сұйықтық кіреді. Сізге тамырларды тарылтатын мұрын тамшылары қажет болуы мүмкін. Егер жөтел болса тиісті дәрілер тағайындалады. Міндетті түрде витаминдерді қосамыз, С дәруменін ұмытпау керек. Ауру кезінде дұрыс тамақтану, бөлмелерді желдету қажет. Қандай жағдайда да дәрігерге хабарласу керек. Өзін-өзі емдеуге болмайды", - деп қосты Бақытгүл Рақышева.
Денсаулық сақтау министрлігі елімізде ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың маусымдық деңгейі тіркелгенін растады.
"Тұмау мен ЖРВИ эпидемиялық маусымы басталғаннан бері республикада тұмаудың 121 жағдайы тіркелді, оның ішінде 42 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді (34 пайыз). Эпидемияға қарсы жедел шаралар қабылдау мақсатында 1 қыркүйектен бастап ел халқының жіті респираторлық вирустық инфекциялармен сырқаттанушылық және тұмау вирусының айналымы жағдайына күн сайын мониторинг жүргізіледі. Тұмау емес респираторлық вирустардың (парагрипп, риновирус, аденовирус және басқалары) айналымы және А тұмауы вирусының спорадиялық тіркелуі байқалады", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Дәрігерлер қандай кеңес береді?
Жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаумен сырқаттанушылықтың жоғарылауы кезеңінде қазақстандықтарға ең алдымен спецификалық емес профилактика шараларын сақтау ұсынылады:
- жабық кеңістіктегі адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу;
- Пәтерді жиі желдету (әсіресе нәресте бөлмесі), қолды жиі жуу, үйде ылғалды тазалауды жиі жасау;
- Қолды сабынмен мұқият жуу. Баланың қолын жуу әрдайым мүмкін емес (дүкенде, көлікте). Мұндай жағдайларда алкогольге негізделген майлықтар ең жақсы көмекші болады;
- жеке гигиенадан басқа, үй-жайларды тазалауға назар аудару. Беткейлердегі вирустар 2-3 сағаттан аспайды. Сондықтан суық мезгілде дезинфекциялық құралдармен дымқыл тазалауды жиі жасаған жөн. Дезинфекциялау құралдары вирустарды толығымен жояды және пайдаланылған дезинфекциялық заттар толықтай тозғанша олардың бөлмеде пайда болуына қарсы тұрады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!