Түнде бөгет бұзылды: Атырау облысындағы ауыл тұрғындары қалай құтқарылды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр

Атырау облысы Махамбет ауданы Жалғансай ауылында жағдай тұрақталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысы Махамбет ауданы Жалғансай ауылында жағдай тұрақталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түнде елді мекендегі қорғаныс бөгетін су шайған еді.

"Тұрғын үйлерді су басуға жол берілмеді. Авариялық-құтқару жұмыстарына 812 адам жұмылдырылды. Олар - Атырау, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау және Алматы облыстарынан келген құтқарушылар тобы, ТЖМ және ҚМ әскери қызметшілері, еріктілер, ІІМ және жергілікті әкімдік қызметкерлері", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, жол төсемінің бойында ұзындығы 800 метр және биіктігі шамамен 1,5 метр бөгет тұрғызылған. Су айдау жұмыстары жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети