Ақмолалық полицейлер облыс тұрғындарына қараңғыда жол жиегінде жүрмеуді ұсынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақмолалық полицейлер облыс тұрғындарына қараңғыда жол жиегінде жүрмеуді ұсынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицейлер халықты әсіресе түнгі уақытта тасжолдарда абай болуға шақырады. Олар көліктерге жақындаған кезде жолды кесіп өтпеуге және әсіресе балаларға арналған киімге, велосипедтерге және басқа заттарға шағылыстыратын элементтерді қолдануды ұсынады.
31 шілде мен 1 тамызда түнгі уақытта тасжолдардың жарықтанбаған учаскелерінде болған жол-көлік оқиғасынан облыстың екі тұрғыны зардап шекті. Жаяу жүргіншілердің бірі қайтыс болған. Аталған деректер бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп, сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.
Полицейлер қарапайым ережелерді сақтау апат қаупін айтарлықтай азайтып, адамдардың өмірін сақтап қалуға болатынын еске салады. Олар тұрғындардан өздерінің және басқалардың қауіпсіздігіне аса сақтықпен және жауапкершілікпен қарауды сұрайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!