Түнгі клубқа барғаны үшін бе? Қызылорда облысында екі мұғалім жұмыстан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түнгі клубқа барғаны үшін бе? Қызылорда облысында екі мұғалім жұмыстан шығарылды Фото:depositphotos.com

Әлеуметтік желіде Қызылорда облысындағы мектептің екі мұғалімі Түркиядағы трансвеститтер түнгі клубына барғаны айтылған хабар тарады. Кейін екі мұғалімнің де жұмыстан босатылғаны белгілі болды. Жағдайға облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қысқы каникул кезінде мұғалімдер Түркияда демалғаны белгілі болды. Онда трансвеститтерге арналған түнгі клубқа барған көрінеді. Мұғалімдер әлеуметтік желіде демалыс кезінде түсірілген кадрларды таратқан, мұны көрген оқушылардың ата-аналары оларды жұмыстан шығаруды талап еткен.

Алайда, Қызылорда облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі мұғалімдер клубқа барғаны үшін емес, демалысы біткен соң жұмысқа келмегені үшін босатылғанын түсіндірді.

"Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты №250 мектеп-лицейінде жалақысы сақталмаған демалыс күндерін қоспағанда, мұғалімдер 2-5 жұмыс күні аралығында белгісіз себептермен, ескертусіз жұмысқа келмеген. Еңбек кодексінің 49-бабы 5-тармағына сәйкес өз өтініштері бойынша жұмыстан босатылғанын хабарлаймыз", - деп түсіндірді тілшіге облыстық Білім басқармасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети