Тұңғыш Президент мәртебесі: Конституциялық Кеңеске тағы бір өтініш жолданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұңғыш Президент мәртебесі: Конституциялық Кеңеске тағы бір өтініш жолданды Фото: e-history.kz

Қазақстан Конституциялық Кеңесіне Тұңғыш Президент мәртебесіне қатысты норманы алып тастау туралы қосымша өтініш жіберілді. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Конституциялық Кеңесіне Тұңғыш Президент мәртебесіне қатысты норманы алып тастау туралы қосымша өтініш жіберілді. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарин Telegram-арнасындағы жазбасында Конституциялық Кеңес ел Конституциясына енгізілетін өзгерістер жобасына оң қорытынды бергенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл - ел мен ұлт болашағы үшін ерекше маңызы бар конституциялық реформаны жүзеге асырудың маңызды кезеңдерінің бірі. Сонымен қатар, ол конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастың тепе-теңдігін оңтайландыруға, халықтың ел басқару ісіне қатысуын арттыруға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті.

"Сонымен қатар, жұмыс тобының кейбір мүшелерінің ұсынысын ескере отырып, Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысты норманы алып тастау туралы Конституциялық Кеңеске қосымша өтініш жіберілді. Жұмыс тобы мүшелерінің айтуынша, Тұңғыш Президенттің тарихи рөлі белгілі және Конституцияда бөлек бекітуді қажет етпейді.

Түзетулердің барлық тармағы бойынша Конституциялық Кеңес олардың Конституцияға сәйкестігі туралы қорытынды берді. Барлық конституциялық реформа мемлекеттік-саяси модельді жүйелі түрде трансформациялауға бағытталған және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүргізіледі", - деді Ерлан Қарин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети