Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты сот үкімі шықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Тұңғышбай Жаманқұлов сот залында. © Tengrinews.kz Тұңғышбай Жаманқұлов сот залында. © Tengrinews.kz

Медеу аудандық №2 сотының судьясы Тәкен Шәкіров "Феникс" фильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражатты жымқыру ісі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Медеу аудандық №2 сотының судьясы Тәкен Шәкіров "Феникс" фильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражатты жымқыру ісі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Соттың үкіміне сәйкес, Тұңғышбай Жаманқұлов 189-бап ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша айыпты деп танылды. Ол 7 жыл шартты түрде сотталды. Сонымен қатар, ол 5 жылға басқарушы қызметтерді атқара алмайды. Рақымшылыққа байланысты, Жаманқұловтың жаза мерзімі екі есе қысқартылды. 

Режиссер Талғад Жәнібеков те айыпты деп танылып, ол шартты түрде 7 жылға сотталды, ол да бес жылға басқарушы қызметтерді атқара алмайды. Судья оның бұлтартпау шарасын ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатуға ауыстырды. 

"Қазақфильм" АҚ бұрынғы топ-менеджері Гауһар Ысқақова "Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану" бабы бойынша айыпты деп танылды. ол 1 жылға шартты түрде сотталды. Ол сот залында қамаудан босатылды. 

"Феникс" фильмінің атқарушы продюсері Наталья Юдина жеті жылға шартты түрде сотталды. Рақымшылыққа байланысты оның жазасы 3,5 жылға қысқартылды. Ол жа бес жыл бойы бақсарушы қызметтерді атқара алмайды. 

Картина редакторы Гизат Сұлтанов ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша айыпты деп талынып, бес жылға шартты түрде сотталды.

Жеке кәсіпкер Илья Коробейников бес жылға шартты жаза алды. Рақымшылыққа байланыстың оның жаза мерзімі - 3 жыл 9 ай. 

"Феникс" фильмінің дайындық мерзіміндегі түсірілім тобының директоры Марлен Әбішев бес жылға шартты жаза алды. Рақымшылық бойынша, оның жаза мерзімі 3 жыл 9 ай. 

Картинаның екінші режиссері Бижан Әбішев мүлкі тәркілене отырып, бір жылға шартты сотталды. 

Жеке кәсіпкер Данияр Әбдіқадыров жеті жылға шартты жазаға кесілді.

Сот үкімі әзірше күшіне енген жоқ және шағым түсірілуі мүмкін. 

Тұңғышбай Жаманқұловтың адвокаты Ғалия Наратауаова үкіммен келіспейтінін және қорғауындағы азамат айыппен келіспегендіктен үкімге шағым түсіретінін айтты. 

Талғад Жәнібековтің адвокаты Серік Айтбаев үкімге қанағаттанатынын және шағым түсірмейтінін мәлімдеді.

 


Сот залы. © Tengrinews.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің азаматтық шағымы ішінара қанағаттандырылды. Сот министрліктің пайдасына Жаманқұловтан 3,4 миллион теңге, Жәнібековтен 4,3 миллиоан теңге, сотталушы Гизат Сұлтановтан 1 миллион 54 мың теңге, Данияр Әбдіқадыровтан 9,6 миллион теңге өндіру туралы шешім шығарды. Сотталушылардан жалпы 18,4 миллион теңге өнідіріледі.

Айта кетейік, осы атышулы іс бойынша басты сот отырысы 9 наурызда басталған еді. Сотталушылар "Феникс" фильміне бөлінген қаражатты (69 миллион теңге) жымқырды деп айыптады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer