Тұңғыш Президент күніне орай әлеуметтік көмек кімдерге берілетіні анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұңғыш Президент күніне орай әлеуметтік көмек кімдерге берілетіні анықталды © Тұрар Қазанғапов

Тұңғыш Президент күніне орай әлеуметтік көмек кімдерге берілетіні анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұңғыш Президент күніне орай әлеуметтік көмек кімдерге берілетіні анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, 1 желтоқсан қарсаңында халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын қалалықтарға әлеуметтік төлемдер беріледі. Жәрдемақы әлеуметтік көмекті алатын астаналықтарға беріледі.

Бұл санатқа жан басына шаққандағы орташа табыстары кедейлік шегінен төмен азаматтар кіреді. Ол - күнкөріс минимумының 50 пайызы.

Астана қаласының Алматы аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы Инна Филаретованың айтуынша, елордадағы кедейлік шегі - 16 497 теңге.

"Жағдайы осы деңгейден төмен адамдар жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлік шегінің айырмасы көлемінде отбасының әр мүшесіне төленетін қосымша төлемді алуға құқы бар. Атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға арналғанәлеуметтік жәрдемақының мөлшері - 4,5 АЕК", - делінген әкімдіктегілердің сайтында.

Еске салайық, кеше, 29 қарашада Елбасы жалақы мен зейнетақыны өсіруді тапсырған болатын. Мемлекет басшысы тұрғындардың тұрмыс сапасы мен табысын арттыруға арналған биылғы Жолдауда ең төменгі жалақы мөлшерін көбейту үшін шаралар кешені қамтылғанын ерекше атап өткен еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети