Тұншықтырды. Қостанайда балалардың жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

instagram.com/qostanai.media

Желіде Қостанайда оқушылар арасында болған жантүршігерлік төбелестің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Қостанайда оқушылар арасында болған жантүршігерлік төбелестің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода спорт алаңында мектеп оқушылары төбелесіп, бірі екіншісін тұншықтырғаны көрсетілген. Тұншыққан бала есінен танып жерге құлайды, ал қарсыласы кетіп қалады. Ал, басқа балалар футбол алаңын айнала қоршап тамашалайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ИА “Qostanai Media” (@qostanai.media)

Желі қолданушылары балалардың қатыгездігіне ғана емес, видео авторының терезеден айғайлап болсын төбелесті тоқтатпағанына ашуланды. 

ПД мәліметінше, оқиға қала аудандарының біріндегі спорт алаңында болған. Төбелескен балалар небәрі 9 және 10 жаста екен.

"Ювеналды полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасында төбелес болғанын анықтады. 9 жасар бала тұншықтыру салдарынан жерге құлаған. Балалар ата-аналарына ештеңе айтпаған. Ата-аналары төбелес туралы WhatsApp желісінде тараған видеодан білген. Бүгін бұл факт мектептегі жасөспірімдердің ата-аналары, мұғалімдер мен ювеналды полиция қызметкерлері шақырылған профилактикалық кеңесте қаралады", - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети