Елімізде көліктердің саны күн санап көбейіп келеді. Тіпті көлік санының көбею қарқындылығы демографиялық өсімнен де жылдам деуге болады. Мәселен ресми деректерге сүйенсек соңғы бес жыл ішінде еліміздегі автокөліктер саны 2,5 миллионан 4,1 миллионға дейін артқан. Кеңестік кезеңде автомобилизацияның есептік деңгейі бойынша 1000 тұрғынға 60 автокөліктен келсе, бүгінде 1000 тұрғынға 240 автокөліктен келіп отыр екен. Әйтсе де сол күн санап көбейіп жатқан көліктерді қаңтаратын орын таппай отырған жайымыз бар. Көлік көп, қоятын орын жоқ. Соның салдарынан Алматы секілді ірі қалаларда заңсыз көлік тұрақтары көбейіп тұр. Көлік тұрақтарының жеткіліксіздігі күнделікті өмірде сан түрлі заңсыздықтардың орын алуына да ықпал етіп отыр...

«Бір тойда екі жар жоқ» деуші еді...
Жақында «Алтын орда» әмбебап базарына бардым. Базарға кіре берісте әдеттегідей көлікпен кіргенім үшін қарауыл жігіттер 100 теңге алды. Кірерімді кіріп алып екі жаққа екі-үш қатар қылып тізіп тастаған көліктердің арасынан көлігімді қояр жер таппадым. Тек ортада екі көлік қарама қарсы жүре алатындай ғана орын қалған. Еріксіз жағалап отырып базардың келесі бетіне өтуге талпындым. Қарауыл жігіттер жолымды кес кестеп, көлік тұрағына ақша төлеуімді талап етті. «Ау бәрі бір базардың іші емес пе, жаңа алдым ғой талонды 100 теңге төлеп, ол жерден көлік қоятын орын таппадым. Әлде бұл басқа базар ма?» деген уәжіме, «бір базардың іші болғанымен бұл жерге өткеніңіз үшін тағы 100 теңге төлейсіз» деп тұрып алды. Ең болмаса бұл жерден көлік қоятын орын таба алам ба» деген сұрағыма, «іздеп көріңіз» деп қысқа қайырды. Бәлкім бұлардың талоны басқа шығар деп, екінші қайтара ақша төлеп талон сатып алып, базардың келесі бетіне өттім. Жоқ, дәл алдыңғы алған талоным мен кейінгі алған талоным бірдей болып шықты. Өкінішке қарай екі жерге көлікпен кіргенім үшін ақымды төлегеніммен базар аумағынан көлік қоятын орын таппадым. Бір базардың ішінен бірнеше рет көлік тұрағы үшін ақша алудың тәсілін меңгерген базар қызметкерлері сол кірген көлікке орын тауып беруді, былайша айтқанда лайықты қызмет көрсетуді меңгере алмапты.
Көлік тұрақтарына қатысты заңсыздықтың бетімен кеткені соншалық пайда үшін бір мекеменің аумағында бірнеше рет көлік тұрағы үшін ақша төлеттіре берудің де, «бір тойда бірнеше рет жар жар» айтыла беретініне де көзіміз жетті. Базарды айналдыра бірнеше қақпа орнатып, келушілерді солардан бірнеше рет өткізіп отырсаң болғаны...
Бұл заңсыздыққа кім жауап беретінін де белгісіз
Айтпақшы базарды шыр айналып жүріп, жарты сағаттан соң базардан шығып бара жатқан көліктерді аңдып отырып, солардың бірінің орнына көлігімді қаңтарған соң базар әкімшілігін іздедім. Әйтсе де бір базардың ішіндегі екі өткел үшін жауап беретін ешкімді таппадым. Біріне бірі сілтеген қызметкерлер қойған сұрақтарыма да жөнді жауап бере алмады. Ал кіре берісте ақша жинап тұрған қызметкерлер «өздерінің оларға тек ақша жинап беретінін, нақты кімнің жауапты екенін білмейтіндерін» айтты. Расында да онсыз да тар көшедегі бір жолақтың бойын ала орналасқан көліктерден ақша жинағыштар немесе осындай кез келген мекеме аумағын көлік тұрағына айналдырғандардың ісіне жауап берер адамды табу қиын.
Осыдан біршама уақыт бұрын Алматы қаласының автотұрақ саласын дамытуға арналған семинарда шетелдік мамандар жүргізген зерттеу қортындысың нәтижесі таң қаларлық. Алматының 1000 тұрғынын қамтыған зерттеуден белгілі болғандай, көлік иелерінің 80 пайызы көліктерін көшеде, жүргіншілер жолында, яғни көше қозғалысына кедергі келтіретін жерге қалдырады екен. Көліктер көбейіп жатқанымен көлік тұрақтарының жеткіліксіздігі жүргізушілерді көліктерін қалай болса солай қаңтаруға мәжбүрлеп отыр.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз.