17 шілде 2014 | 14:10

Турфирма тұтынушылары үшін сақтандыру қоры құрылады - ҰКП

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Келесі жылы туристік компания тұтынушыларын сақтандыру қоры құрылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметовке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Келесі жылы туристік компания тұтынушыларын сақтандыру қоры құрылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметовке сілтеме жасап.

Кеше Ұлттық кәсіпкерлер палатасының келешекте еліміздегі негізгі туристік операторға айналуы мүмкін екені туралы хабар тараған болатын. Бұл туралы палатаның басқарма төрағасының орынбасары Гүлнәр Құрбанбаева айтқан еді. Палата өкілдері бұл ұсыныстың "Гульнар тур" компаниясының бизнесін иемдену үшін айтылмағанын түсіндірді.

"Гульнар турдың" орнына біз оператор боламыз деген әңгіме айтылған жоқ. Тек бірыңғай үйлестіруші болатындығы туралы менің орынбасарым кеше айтқан еді. Бүгінгі нарықта сондай туристік операторлар қауымдастық арқылы басқарылмай отыр. Өкінішке қарай, ол мәселе көптеген жағдайда қадағаланбағандықтан келеңсіз жағдайлар болып жатыр. Өйткені лицензия әр жыл сайын бақылауға алынып отыруы керек. Тек осы саладағы барлық операторлардың басын қосып, осындай жағдай қайта орын алмас үшін олардың есебінен сақтандыру қорын құруды қолға алып отырмыз", - деді Мырхахметов.

Оның айтуынша, келесі жылдан бастап, әрбір туристік оператор қорға азғана мөлшерде қаражат беріп отырады. Бұл келеңсіз оқиға болған жағдайда бірінші кезекте тұтынушылар құқығын қорғау үшін жасалады. "Екіншіден, туроператорлар өздеріне қажетті стандарттарды қабылдап, жауапкершілікті алуы керек. Осы мәселелерді Ұлттық палата жүргізеді. Біздің кәсіпкерлікпен айналысуға қақымыз жоқ, "Гульнар турдың" орнына барып жұмыс істемейміз", - деп қайталады Абылай Мырзахметов.

Осыдан екі апта уақыт бұрын "Гульнар тур" туристік компаниясы арқылы Түркияға демалысқа жолдама алған көптеген қазақстандық азамат елге қайта алмай, әбігер түскен еді. "Гульнар тур" туристік фирмасынан жолдама сатып алған азаматтар өздерінің алданғанын біраз уақыттан кейін білген. Келісімшарт бойынша Jet Airlines әуе компаниясы қазақстандық туристерге 30 маусымға дейін қызмет көрсетуге тиіс болған. Алайда фирма басшылығы болса, туристерге жолдаманы шілде айына дейін сатып келген. Қазір бұл мәселе бойынша қылмыстық іс қозғалды, туристік фирманың азаматтарға келтірген шығын мөлшері 30 млн теңгеден асып отыр. ҚР Бас прокуратурасы "Гульнар турды" тексеруге рұқсат берді, тексеру 10 күннен астам уақытқа созылады. Ал ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Гүлнәр Құрбанбаева турфирманың басшысын тапқан адамға сүйінші беретінін хабарлады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети