24 қыркүйек 2019 | 13:03

Тұрғымбаев 21 қыркүйектегі митингілерге қатысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 21 қыркүйекте заңсыз митингілерге қатысқаны үшін ұсталған азаматтарға қатысты мəлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 21 қыркүйекте заңсыз митингілерге қатысқаны үшін ұсталған азаматтарға қатысты мəлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Прокуратураның бірнеше рет ескертулеріне қарамастан, жекелеген адамдар арандатушылыққа ілесіп, басқа азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, құқыққа қарсы әрекеттер жасай бастады", - деді ІІМ басшысы Үкімет отырысынан кейін.

Сондай-ақ, ведомстводағылар кез келген бейбіт жиналыстар, акциялар, шерулер мен демонстрациялар өткізу тәртібін бұзғаны және сақтамағаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

"Қоғамдық тәртіпті бұзған, көлік қозғалысына кедергі келтірген, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің талабына бағынбай қарсылық көрсеткен митингіге қатысушылар полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Министр Ерлан Тұрғымбаев атап өткендей, барлық іс-шаралар заңға сәйкес өткізілді, тәртіп бұзушыларды ұстау барынша дұрыс жүргізілді, арнайы құралдар қолданылған жоқ", - дейді министрлік өкілдері.

Олардың мәліметінше, жүкті әйелдерді, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды ұстау фактілері болмаған.

Жалпы ел бойынша 21 қыркүйекте 15 тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның 9-ы әкімшілік қамауға алынған. Оның ішінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарында осындай шаралар жүргізіліпті.

Басқа қатысушылар профилактикалық әңгімелесуден кейін босатылған.

"ІІМ басшысы сондай-ақ полицияның басты міндеті - азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету екенін атап өтті. Азаматтарымыздың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез келген үндеулер мен құқыққа қарсы әрекеттер заңға сәйкес жолы кесіледі. Полиция қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға жол бермейді", - дейді министрлік өкілдері.

ІІМ мәліметінше, әлеуметтік желілерде кәмелетке толмаған қыздың ұсталғаны туралы тараған бейнежазбада 2000 жылы туған азаматша көрсетілген, жасы 19-да. Бұл қыздың қоғамдық тәртіпті бұзуға бірнеше рет қатысқаны анықталған.

"Заңсыз акция кезінде полиция қызметкерлерінің санкцияланбаған митингіге қатысуды тоқтату туралы бірнеше рет ескертуіне қарамастан, ол құқық қорғау органдарының қызметкерлерін агрессияға итермелеген. Осыған байланысты ол басқа құқық бұзушылармен бірге ұсталды. Алайда, профилактикалық әңгімелесуден кейін босатылды. ІІМ БАҚ өкілдеріне мұндай жағдайларда полиция қызметкерлеріне өзінің қызметтік куәлігін көрсетуін, сондай-ақ баспасөздің тану белгілерін кию қажеттігін ескертеді", - дейді ІІМ өкілдері.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети