04 шілде 2020 | 10:55

"Тұрғындар көмектесіп жатыр". Павлодар облысында ресейлік цирк әртістері еліне қайта алмай жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: ria.ru Иллюстрациялық фото: ria.ru

Карантин режимі Новосібірлік цирк труппасының шығармашылық жоспарларына өзгерістер енгізді. Шектеу шаралары салдарынан әртістер үйлеріне орала алмай отыр, - деп хабарлайды "Хабар 24".


Иконка комментария блок соц сети

Карантин режимі Новосібірлік цирк труппасының шығармашылық жоспарларына өзгерістер енгізді. Шектеу шаралары салдарынан әртістер үйлеріне орала алмай отыр, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарна мәліметінше, қазіргі уақытта Павлодар облысының тұрғындары Успен ауданында тұрып қалған цирк труппасы мен жануарларға көмек көрсетіп жатыр. Новосібірлік цирк қызметкерлері екі апта бойы арнайы көлікті күтіп отыр. Бірақ ұжымның оған төлейтін қаржысы жоқ.

Мамандардың айтуынша, көлікті жалдауға 50 мың рубль керек. Жергілікті тұрғындар қолдан келгенше көмек көрсетіп жатыр. Нақтырақ айтқанда, жануарлар үшін бірнеше вагон ұсынған. Сонымен қатар оларды құрғақ азық-түлікпен қамтып отыр. Қазіргі уақытта мемлекеттік шекарадан өтуге дайындық жұмыстары басталды.

"Жергілікті шаруа қожалығымен жануарларды орналастыру туралы алдын ала келісіп қойдық. Келесі аптада төрт аяқты әртістер үшін көлік қарастырып, Новосібірге жөнелтуді жоспарлап отырмыз. Әр жануардың құжаты бар. Шекарадан өтуде қиындық туындамайды. Цирк ұжымына тек қаржылық қолдау керек. Себебі директорлары уәдесін орындамай, труппаны тастап кеткен", - деді Успенка ауылының әкімі Сергей Саламатский.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети