Әлеуметтік желіде халықты тегін таситын Ақтау тұрғыны туралы видео тарап жатыр. Ер адам "Хабар 24" телеарнасының сюжетінде сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде халықты тегін таситын Ақтау тұрғыны туралы видео тарап жатыр. Ер адам "Хабар 24" телеарнасының сюжетінде сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ер адам күніне 20-ға жуық адамды баратын жеріне тегін жеткізеді. Осылайша, олардың әрқайсы кемінде 400 теңге үнемдейді. Альтруист бір айға жуық уақыт бойы осындай іспен айналысып келеді.
"Таңертең шығып, бір жарым сағаттай халықты тегін жеткіземін, ал кешке жұмыстан соң 9.00-ден 12.00-ге дейін тағы да сөйтемін. Осылай өзімді тыныштандырамын, бір жағынан халықпен сөйлесемін", - дейді Қуандық Өміров.
"Тегін таксиді енді бастаған алғашқы күндері тұрғындар сенбейтін. Қазір көптеген тұрған көлігімнің нөмірін біледі, олар мені қуана тоқтатады. Егер мүмкіндігім болса, автобус алып, аптасына бір рет халықты тегін жеткізер едім", - дейді ол.
"Тегін жеткізетін адамды бірінші рет көріп тұрмын. Мұның бәрі ақша ғой: газ бен бензин шығын. Жеке уақыты да кетеді", - дейді жолаушылардың бірі.
Риясыз такси жүргізушісі - тұл ер адам. Жақында қызының үйлену тойы болады. Ер адам өзінің де жеке өмірі жақсарады деп үміттенеді.
Таныстары Коля деп атайтын 42 жастағы Қуандық мамандығы бойынша инженер. Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Шағын ғана техникалық қызмет көрсету станциясы бар, онда тағы бірнеше адамға жұмыс беріп отыр.
"Бензиніме жетеді. Халыққа жақсылық жасаймын, көліктерді жөндеймін, ал кешке таксист ретінде тұрғындардың көңіл-күйін көтеремін. Өз жұмысымды мақтан тұтамын. Мұның бәрін өз еңбегіммен сатып алдым, шағын ғимарат болса да, мен үшін үлкен патшалық секілді", - дейді Ақтау тұрғыны.
Болашақта Қуандық адамдарды алыс қашыққа тасымалдау үшін жол талғамайтын көлік сатып алуды жоспарлап отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!