Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қызметкері сотта жеңіп шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қызметкері сотта жеңіп шықты ©Kazdom.kz

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Алматы облыстық филиалының жетекшісі Мамила Мұсабекова "Әйгерім" кешенінен "Қолжетімді баспана" бағдарламасы бойынша сатып алған пәтеріне қатысты сотта жеңіп шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Бостандық аудандық сотының шешімімен прокурордың келісімдерді жарамсыз деп тану туралы "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-на, Мұсабекова Мамилаға, Базарбаев Омарға, "Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы" КММ-не қатысты қуынымынан бас тарту ұйғарылды", - дейді Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет. Еске сала кетейік, өткен жылдың маусым айында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Премьер-министр мен Бас прокурордың атына сауал жолдап, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жетекшілігіне қатысты жемқорлыққа қарсы тексеру жүргізуді сұраған болатын. Хатта "Қолжетімді баспана" бағдарламасы бойынша Алматыдағы "Әйгерім" тұрғын үй кешенінен пәтер алған банк қызметкерлерінің тізімі көрсетілді. Көп ұзамай банктің өз қызметкерлеріне пәтерлерді бергені расталды. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев банк басшылығына "Әйгерім" кешенінен алынған пәтерлерді қайтаруды тапсырды. "Бәйтерек" ұлттық холдингі өкілдері пәтерлерді қайтару басталғанын хабарлады, бірақ "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басшыларының бәрі бірдей пәтерді өз еркімен беруге келіспеген. Мәулен Өтеғұлов пен Мамила Мұсабековалар пәтерді қайтармайтын болған соң оларға қатысты талап арыз сотқа жолданған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети