Түркі әлемін біріктіру. The Spirit of Turkistan фестиваліне Қазақстан атынан кім шығады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоба серіктесі - Magnum Cash & Carry.

The Spirit of Turkistan заманауи этникалық музыка фестивалі осы жексенбіде болады! Бірегей шоуда Қазақстан атынан астаналық Ashina тобы шығады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

The Spirit of Turkistan заманауи этникалық музыка фестивалі осы жексенбіде болады! Бірегей шоуда Қазақстан атынан астаналық Ashina тобы шығады.

Жоба серіктесі - Magnum Cash & Carry. Фестиваль ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізіледі.

Шоу 23 қазанда сағат 18:00-де Karavansaray Turkistan кешенінде өтеді.

"Біздің ерекшелігіміз түрік халқы мен ұлысын, мәдениеті мен дәстүрін ортақтастыратын, бірлікке шақыратын музыка мен әндерде!" - деп бөлісті Ashina музыканттары.

Астаналық музыкалық ұжым 2017 жылы пайда болды. Топ репертуары қазақ халық әндері мен күйлерінен, сондай-ақ авторлық шығармалардан тұрады. Ұжымның аспаптық құрамына қазақ халық аспаптары кіреді: сыбызғы, домбыра, шаңқобыз, қылқобыз, тамақпен ән айту. Топ new age және ethno-folk-pop стилінде ойнайды.

"Құрметті түркістандықтар және қала қонақтары, қош келдіңіздер! Біз,  Ashina тобы сіздерді 23 қазанда сағат 18:00-де Karavansaray кешенінде өтетін The Spirit of Turkistan фестиваліне шақырамыз. Кездескенше!" - деді топ солисі Нұрлыбек Закенов.

Түркі әлемінің маңызды рухани орталықтарының бірі - Түркістанда бір сахнада Ashina тобымен бірге дәстүрлі және заманауи этникалық музыка жанрының өкілдері шығады: Abbos (Өзбекстан), Gulzada (Қырғызстан), Ситора Назарова (Тәжікстан - Қазақстан), Steppe Sons (Қазақстан) және DJ Edige (Қазақстан).

The spirit of Turkistan - Түркі әлемі мемлекеттерінің бірегей мәдениеттері арасындағы берік тарихи қалыптасқан мәдени байланыстар мен заманауи диалогқа негізделген жарқын музыкалық шоу.

Түркістан аспаны астында түркі әлемінің халықтарын, мәдениеттерін, музыкалық дәстүрлерін біріктіретін бірегей музыкалық мерекенің атмосферасын сезініңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети