Түркияның Астанадағы өкілетті елшісі Невзят Уянык қазақ-түрік лицейлерінің және жоғары оқу орындарының Түркия үкіметіне еш қатысы жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түркияның Астанадағы өкілетті елшісі Невзят Уянык қазақ-түрік лицейлерінің және жоғары оқу орындарының Түркия үкіметіне еш қатысы жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ресми түрде мемлекет қолдауымен, Түркия үкіметінің қолдауымен ресми түрде ашылған әрі ресми түрде қолдау алған жалғыз білім беру мекемесі - Ясауи атындағы ХҚТУ, бұл мекеме Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласында жұмыс істейді. ҚР территориясында жұмыс істеп, "қазақ-түрік мектебі" немесе "қазақ-түрік лицейі" деп аталып жүрген қалған басқа мекемелердің біздің елдің мемлекеттік органдарына еш қатысы жоқ", - деді Түркия елшісі баспасөз мәслихатында.
Ол осы білім беру мекемелерінің алдағы жұмысы бойынша шешім шығару қазақстандық органдардың, нақтырақ айтқанда ҚР Білім және ғылым министрлігінің құзырында екенін айтты.
Невзат Уянык елде төңкеріс әрекеті болғаннан кейін Түркияның барлық достастық елдерінен қолдау күтетінін айта отырып, сол елдерге қарата сөз айтты.
"Төңкеріс әрекеті еліміздің демократиялық тіреуіне бағытталды, ол біздің үкіметті құлатуға бағытталды, ал бір тұсынан бұл әрекет басқа елдерге де ескерту. Органдар қажетті шараларды жүргізуді бастайды деп сенемін. Біз Қазақстан Республикасымен тығыз байланыстамыз, әріптестіктеміз. Бұл Түркия мүддесі ғана емес, бұл мәселелер Қазақстан Республикасының мүддесіне де қатысты", - деді елші.
Айта кетейік, Қазақстанда 27 қазақ-түрік лицейі бар.