23 қаңтар 2014 | 12:16

Түрік тауарларының жасырын контрабандасы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото newskaz сайтынан Фото newskaz сайтынан

Кедендік бақылау комитетінің контрабандаға қарсы күрес басқармасы түрік тауарларын Қазақстанға заңсыз тасымалдаудың ірі жолын анықтады. Онымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ Түркия өнімдерін бірнеше облысқа сатып жүрді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің контрабандағы қарсы күрес басқарамасының өкілі Ерден Жұмаға сілтеме жасап. Оның хабарлауынша, аталған қылмыстық топ шағын фирмаларды құрып, жалған құжаттардың негізінде бірнеше жыл бойы жасырын контрабандамен айналысқан. Ал өз іздерін жасыру мақсатында барлық фирмаларды қысқа уақыттын ішінде бірінен соң бірін жауып отырды. "Контрабандалық тауар Қазақстанның әртүрлі аймақтарына, атап айтқанда, Алматы, Ақтөбе, Атырау және Қарағанды сияқты қалаларға жеткізіліп, ол жерде жалған құжаттармен кедендік рәсімдеуден өтіп тұрған", - дейді Е.Жұма. Қазіргі кезде Түркия тауарлары тасымалданған 7 автофура мен 9 теміржол вагоны тәркіленді. Заңсыз тауардың жалпы құны 116 млн. теңгені құрап отыр. Содан кедендік төлемдер мен салықтар ретінде ел бюджетіне 23 млн. теңге түспей қалған.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети