Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 336.05
EUR / KZT - 394.49
CNY / KZT - 50.63
RUB / KZT - 5.85

Түрік тауарларының жасырын контрабандасы анықталды

23 Қаңтар 2014, 12:16
0
Фото newskaz сайтынан
Фото newskaz сайтынан
Кедендік бақылау комитетінің контрабандаға қарсы күрес басқармасы түрік тауарларын Қазақстанға заңсыз тасымалдаудың ірі жолын анықтады. Онымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ Түркия өнімдерін бірнеше облысқа сатып жүрді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің контрабандағы қарсы күрес басқарамасының өкілі Ерден Жұмаға сілтеме жасап.

Оның хабарлауынша, аталған қылмыстық топ шағын фирмаларды құрып, жалған құжаттардың негізінде бірнеше жыл бойы жасырын контрабандамен айналысқан. Ал өз іздерін жасыру мақсатында барлық фирмаларды қысқа уақыттын ішінде бірінен соң бірін жауып отырды. "Контрабандалық тауар Қазақстанның әртүрлі аймақтарына, атап айтқанда, Алматы, Ақтөбе, Атырау және Қарағанды сияқты қалаларға жеткізіліп, ол жерде жалған құжаттармен кедендік рәсімдеуден өтіп тұрған", - дейді Е.Жұма.

Қазіргі кезде Түркия тауарлары тасымалданған 7 автофура мен 9 теміржол вагоны тәркіленді. Заңсыз тауардың жалпы құны 116 млн. теңгені құрап отыр. Содан кедендік төлемдер мен салықтар ретінде ел бюджетіне 23 млн. теңге түспей қалған.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай