TurkicSkills-2025: Түркі елдерінің кәсіби шеберлік пен еңбек беделінің жаңа белесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

TurkicSkills-2025: Түркі елдерінің кәсіби шеберлік пен еңбек беделінің жаңа белесі Фото: "Talap" КеАҚ

Ақтау қаласында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен алғашқы халықаралық TurkicSkills-2025 кәсіби шеберлікчемпионаты өз мәресіне жетті. Шара WorldSkills International ұйымының қолдауымен өткізіліп, түркі әлемінің кәсіптік білімберу жүйесінің байланысын нығайтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау қаласында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен алғашқы халықаралық TurkicSkills-2025 кәсіби шеберлікчемпионаты өз мәресіне жетті. Шара WorldSkills International ұйымының қолдауымен өткізіліп, түркі әлемінің кәсіптік білімберу жүйесінің байланысын нығайтты.

Ұйымдастырушылар - Оқу-ағарту министрлігі мен Маңғыстау облысының әкімдігі, оператор - "Talap" КеАҚ.

Чемпионатқа Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия және Венгриядан келген 70-тен астам жас өрендер қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Үш күн бойы TurkicSkills алаңы кәсіби тәжірибе мен жаңа серіктестіктің орталығына айналды.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдаулет Қилыбаев атап өтті:

"Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен бұл чемпионат – еліміздегі кәсіптік білім беруді жаңғыртуға бағытталған маңызды шара. TurkicSkills – түркі елдері жастарының шеберлігін шыңдауға зор мүмкіндік беретін бірегей алаң".

Оқу-ағарту министрлігінің "Talap" КеАҚ басшысы Санжар Татибеков өз сөзінде:

"TurkicSkills – Жұмысшы мамандықтар жылындағы серіктестікті нығайтудың жарқын көрінісі. Бұл бастама еліміздегі колледждерді халықаралық деңгейге шығарып, еңбек адамының беделін арттыруға бағытталған".

Финалдық күні чемпионатқа WorldSkills International Директорлар кеңесінің мүшесі Рэй Инглиш арнайы келіп, жоғары бағасын берді:

"TurkicSkills 2025 – өңірдің халықаралық деңгейдегі кәсіби шеберлік чемпионаттарын өткізе алатын әлеуетін көрсетті. Қазақстан алдағы уақытта WorldSkills немесе WorldSkills Europe жарыстарын қабылдай алатын елге айнала алады", – деді ол.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 6 алтын, 2 күміс және 1 медальон иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

TurkicSkills-2025 түркі елдерінің ортақ еңбек мәдениетін қалыптастырып, кәсіби білім беруді халықаралық деңгейде біріктірген маңызды алаңға айналды.

TurkicSkills-2025 чемпионаты кәсіби шеберлікті ғана көрсетіп қойған жоқ – ол түркі елдерінің интеграциясы мен өзара дамуының жаңа кезеңін айқындады. Чемпионаттың бастамашысы әрі ұйымдастырушысы болған Қазақстан техникалық және кәсіптік білім беру саласында түркі әлемінің көшбасшысы ретіндегі орнын нығайтты.

Бұл чемпионат технология мен дәстүр, шеберлік пен инновация ұмтылысы тоғысқан алаңға айналды. Нәтижелері көрсеткендей, түркі әлемінде жұмысшы мамандықтарының беделі артып келеді, ал жас буын келешек экономикасын - білікті еңбек, білім мен жасампаздық экономикасын - сеніммен қалыптастыруға дайын.

TurkicSkills-2025 түркі елдерінің халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаттарын жыл сайын өткізудің жаңа дәстүріне бастау берді. Бұл дәстүрдің басты капиталы - адамдар, олардың еңбегі мен шеберлігі.

Tengrinews
Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети