Түркияда қазақстандық студент қыз өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда қазақстандық студент қыз өлі табылды © CNN Türk

Қазақстандық студент қыз Түркияда өлі табылды. Түркия БАҚ-тарының мәліметінше, қыз өзінің үйінде өлі табылған, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық студент қыз Түркияда өлі табылды. Түркия БАҚ-тарының мәліметінше, қыз өзінің үйінде өлі табылған, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

Телеарнаның мәліметінше, қыздың денесін достары тапқан. Денесінде зорлық белгілері жоқ екені айтылады. Жергілікті полиция тергеу жұмыстарын бастады. Қыз 21 жаста болатын, Түркиядағы ЖОО-лардың бірінде оқыған.

"Дәл қазір біз білетін мәліметтер осы. Қазақстанның СІМ өкілдері әзірше оқиғаға қатысты пікір білдірмеді", - делінген телеарнаның 29 наурызда жариялаған сюжетінде.

CNN Türk мәліметінше, қыздың есімі - Елдана Қахарман. Студент қыз Фырат университетінде оқыған, жекеменшік Kanal 23 телеарнасында журналист болып жұмыс істеген. Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, ол YouTube хостингінде өзінің арнасын жүргізіп отырған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети