Түркістан облысының полицейлері террористік тұрғыдан осал нысандарды тексеріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының полицейлері террористік тұрғыдан осал нысандарды тексеріп жатыр

Түркістан облысы Отырар ауданының полицейлері террористік әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ету және қауіпсіздік жұмыстарын күшейту мақсатында тексеру жұмыстарын жандандырып келеді. Осы мақсатта Отырар АПБ-нің қызметкерлері аудандағы обьектілерді түгелімен тексеріп, кемшіліктерді анықтауға бағытталған бірқатар кешенді шараларын жүзеге асырып жатыр, - деп хабарлайды "Отырар"

Мәселен, Отырар ауданындағы базарлардың бірін тексеру барысында полицейлер көптеген кемшіліктердің орын алғандығын байқады. Яғни,террористік тұрғыдан осал обьектілерде инженерлік-техникалық қадағалау, бейнебақылау жүйесі мен дабыл қондырғыларының, басқаруды бақылау жүйесі, сондай-ақ мамандандырылған күзеттің жоқтығы секілді кемшіліктерді анықтады. Оған қоса аталған нысанның иесі техногендік сипаттағы қауіптерді жою бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлескен әрекеттерді пысықтау шараларын өткізбеген.

Тәртіп сақшылары осындай кемшіліктерді анықтаған соң, тәртіпке сай акт түзді. Кәсіпкердің нысанындағы анықталған кемшіліктер бойынша жүргізілген тексеру қорытындысына сәйкес, аудандық сотқа тиісті шара көрілуі үшін жолданды. Нәтижесінде, Отырар аудандық сотының шешімімен шағын кәсіпкерлік иесіне 505 000 теңге мөлшеріндегі айыппұл салынды.

Айта кетейік, облыс полицейлері жарылғыш құрылғыларға ұқсас бөгде заттарды, пакеттерді, күмәнді заттарды тауып алған жағдайда ерекше көңіл бөлу керектігін айтады. Күмәнді заттарды бірден ұстауға, өздігінен ашуға, басқа жерге ауыстыруға және оны бір нәрсемен жабуға, сондай-ақ затқа жақын ұялы байланысты пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салады. Өз өміріміздің қауіпсіздігін өзімізден бастайық!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети