Түркістанда зардап шеккен өрт сөндірушілер наградаларға лайық - Тоқаев

Түркістанда зардап шеккен өрт сөндірушілер наградаларға лайық - Тоқаев © Tengrinews.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістандағы Royal Grand Hotel қонақүйінде болған өрт салдарынан зардап шеккен Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлірінің марапатқа лайық екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістандағы Royal Grand Hotel қонақүйінде болған өрт салдарынан зардап шеккен Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлірінің марапатқа лайық екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Түркістандағы қонақ үйде болған өрттен зардап шеккен ІІМ қызметкерлерінің тез сауығып кетуін тілеймін. Олардың ерен еңбектері мемлекеттік наградаларға лайық", - деп жазды Президент Twitter желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, Түркістанда алапат өрттің неден шыққаны анықталғаны туралы айтылды.

Айта кетейік, куәгерлер кеше, 10 қыркүйекте кешкі уақытта жарылыс болып, артынша өрт шыққанын хабарлап, видео мен суреттер жолдаған. Кейінірек Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі төтенше оқиға жайлы хабар таратты. Олардың мәліметінше, 19.00 шамасында Бекзат Саттарханов көшесінде орналасқан Royal Grand Hotel қонақүйінің территориясында газ баллондары тиелген ЗИЛ көлігі өртенген. 

Өрт үш тонна газ автоцистернасынан шыққан екен.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 70 адамы жұмылып, 14 дана өрт сөндіру техникасы қолданылған. 

Полиция қызметкерлері қонақүй территориясын қоршауға алған. Өрт 20.00-де ауыздықталып, 20.15-те толық сөндірілген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети