Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екиджи Қазақстанға көмегі үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екиджи Қазақстанға көмегі үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстандық бауырларымыздың алғашқы сәттен-ақ жауап қайтарып, жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін айтқаны бізді қуантты. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстанның басқа да мемлекеттік органдарына қолдаулары мен тілектері үшін алғысымды білдіремін", - деді Түркия елшісі Астанада өткен брифингте.
Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында бірқатар жер сілкінісі болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шекті. Ең жойқын жер сілкінісінің магнитудасы 7-ден жоғары болды. Табиғи апаттар салдарынан Түркияда көптеген ғимарат қирады.
Қазақстандықтар Түркия елшілігі мен бас консулдығына гүл шоқтарын әкеліп жатыр
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!