Түркия Сирияға көмек көрсету үшін шекара бекеттерін ашуға ниетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия Сирияға көмек көрсету үшін шекара бекеттерін ашуға ниетті Фото: Sana

Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Түркия жер сілкінісінен кейін қираған Сирияның солтүстік-батысында тағы екі шекара қақпасын ашуды талап етіп отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Sabah басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Түркия жер сілкінісінен кейін қираған Сирияның солтүстік-батысында тағы екі шекара қақпасын ашуды талап етіп отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Sabah басылымына сілтеме жасап.

Вице-президент Фуат Октаймен ортақ баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген сыртқы істер министрі Сирия-Түркия шекарасындағы Чилвегезю бақылау-өткізу бекетінің қақпасы ашық екенін, бірақ гуманитарлық апат жағдайында бұдан да көп қажет екенін айтты.

"Бұл саяси емес, гуманитарлық мәселе", - деген Чавушоглу Түркияның да Сирияға гуманитарлық көмектің әуе кеңістігі арқылы жеткізілуін қамтамасыз ету үшін қажетті қолдауды қамтамасыз етіп жатқанын айтты.

Сирияның мемлекеттік ақпарат құралдары мен Сирияның солтүстік-батысында жұмыс істеп жатқан құтқару қызметі мәліметінше, жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2600-ден асқан.

Осы уақытта Сирия БҰҰ мен барлық мүше мемлекеттерді құтқару операцияларына, медициналық қызметтер, баспаналар мен азық-түлік көмегін көрсетуге көмектесуге шақырды.

БҰҰ Сирияның солтүстік-батысына жүк жеткізудің барлық жолдарын зерттеп жатқанын айтты. Ұйым төтенше жағдай қорынан Түркия мен Сирияға гуманитарлық көмек жіберу үшін 25 миллион доллар бөлді.

Баб-эль-Хава - бұл аймаққа БҰҰ-ның көмегіне рұқсат етілген жалғыз өткел. Дюжаррик БҰҰ Сириядағы қақтығыс сызығынан өту үшін жасақ дайындап жатқанын айтты. Бірақ бұл үшін, ең алдымен, ел үкіметімен жаңа келісім қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети