02 шілде 2021 | 12:46

Түркия тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы Ыстамбұл конвенциясынан шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Түркия Еуропа Кеңесінің әйелдерге қатысты және тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мен бақылау туралы конвенциясынан (Ыстамбұл конвенциясы) ресми түрде шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Түркия Еуропа Кеңесінің әйелдерге қатысты және тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мен бақылау туралы конвенциясынан (Ыстамбұл конвенциясы) ресми түрде шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Шешім сынға ұшырап, Түркияның ірі қалаларында биліктің әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күресу жайлы халықаралық келісімнен шығуына қарсылығын білдірген мыңдаған адам көшеге шықты.

"Біз күресімізді жалғастырамыз. Түркия бұл шешімі арқылы өз аяғына оқ атты", - деп мәлімдеді Түркия әйелдер ассоциациясы федерациясының төрайымы Джанан Гуллу.

Оның сөзінше, наурызда биліктің конвенциядан шығу жайлы хабарламасынан кейін әйелдер және өзге де осал топтар қиын жағдайда көмек алуы сирей бастаған.

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы Түркияның конвенциядан шығуын "масқара" деп атады.

©️REUTERS

"Түркия әйелдер мен қыздардың қауіпсіздігі алтын стандартынан теріс бұрылды. Конвенциядан шығу мұны пайдаланып, зақым келтіріп және өлтіретін заң бұзушыларға қауіпті белгі болмақ: олар мұны еш жазасыз істеуі мүмкін", - деді ұйымның бас хатшысы Аньес Калламар.

Анкара шешімі АҚШ және Еуропа Ұйымы тарапынан сынға қалды. Сыншылардың мәлімдеуінше, Түркия бұл қадамынан кейін 1987 жылдан бері кіре алмай жүрген блоктан өзін одан әрі алшақтатады.

Әйелдерді қорғау жайлы конвенция 2011 жылы Ыстамбұлда қабылданған, сондық оны Ыстамбұл конвенциясы деп атайды. Құжат тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа байланысты алғашқы еуропалық келісім болды. Ал Түркия құжатты бекіткен алғашқы ел атанған еді. Оның артынан тағы 33 ел бекітті. Конвенция 2014 жылдың 1 тамызында күшіне енген.

©️REUTERS

Ыстамбұл конвенциясы психологиялық, физикалық және жыныстық зорлық-зомбылықты, мәжбүрлі түсікті қылмыстық іс ретінде қарастырады. Құжатты бекіткен ел әйелдерге қатысты зорлықты тоқтату мақсатында шара қабылдауға міндеттеледі.

Наурызда Түркия президенті Реджеп Ердоған гомосексуализмді жүйелендіруге тырысатын топтар конвенцияның бастапқы мақсатын жаулап алғанын және бұл елдің әлеуметтік және отбасылық құндылықтарына қарсы екенін айтып, конвенциядан шығатынын мәлімдеген еді.

©️REUTERS

Бұған дейін Түркияда бірнеше мың әйел билікті әйелдерге қатысты зорлықты тоқтату мақсатында нақты шешім қабылдауға шақырып, наразалық білдірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети