1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Түркияда болған жол апатында 18 жастағы қазақ қыз қаза тапты

Аида Сарабаева. © vk.com Аида Сарабаева. © vk.com

Түкияда болған жол апатында қазақстандық Аида Сарабаева қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты қыздың туыстары растады.

Қаза тапқан қыздың Сарабаева екені 7 тамызда анықталды.

Айта кетейік, 6 тамызда Памуккале - Анталия тас жолында туристер мінген автобус жол апатына түсті. Апат салдарынан 4 адам қаза тауып, 27-сі жараланды. Автобуста Ресей, Қазақстан, Литва және Беларусь туристері отырған.

Кейін ҚР СІМ зардап шеккен қазақстандықтардың аты-жөнін атады. Ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында Түркияда жол апатына ұшыраған автобуста болған қазақстандық жеті азаматтың аты-жөні жазылған. Олар: Тұрғанбекова Шолпан (22.08.1989), Тұрғанбекова Тоғжан, (25.04.1993), Тлеубаева Айдын (14.07.1999), Тлеубаев Азамат (25.05.1992), Тлеубаева Гульнара (04.01.1966), Цолоева Зарина, (05.11.1993), Аида Сарабаева (21.09.1996). 

Баспасөз өкілдерінің мәліметінше, 18 жастағы Аида Сарабаевадан басқаларының барлығы Денизли қаласының түрлі емханаларына жеткізілген. Ал Аида Сарабаеваның қай жерде екенінің анықталып жатқаны хабарланды.