Түркияда хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық жігіт табылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық жігіт табылды Иллюстрациялық фото© Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық Түркиядан елге ұшатын рейстен қалып қойғаннан кейін белгісіз себептермен туыстарымен байланысын тоқтатқан. ҚР Бас консулдығы қызметкерлерінің көмегімен ер адамның Түркияның Кожаели провинциясындағы полиция бөлімшелерінің бірінде болғаны белгілі болды. Кейін оны Қазақстаннан ұшып келген анасы алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның Facebook-тегі хабарламасына сілтеме жасап. 

"2021 жылғы 25 қазанда Қазақстанға қайтуы тиіс болған Ә.Кеңесхан атты ҚР азаматы белгісіз себептермен рейсін өткізіп алған. Ата-анасымен байланысқа шыққанда өзінің қайда жүргенін айта алмай, сөйлеу мәнерінде өзгерістер болған. Соңғы рет жақындарымен 28 қазанда хабарласып, содан бері байланыс үзіліп қалған. Сол күні Қазақстанның Ыстанбұлдағы бас консулдығына аталған азаматты танитын кісілер хабарласқаннан кейін Ә.Кеңесханның туыстарымен дереу байланыс орнатылды. Анасының баласын іздестіру туралы өтініш білдіруіне байланысты шұғыл түрде Түркия сыртқы істер министрлігіне іздеу салу туралы нота жолданды", - деп хабарлайды консулдықтан.

Сондай-ақ, Түркияның құқық қорғау органдарына азаматқа іздеу салу туралы өтініш берілген.

"Одан бөлек, белсенді азаматтардың бастауымен әлеуметтік желілерде іздестіру науқаны жүргізілді. Нәтижесінде, 30 қазанда азаматтың Қожаелі провинциясы полиция бөлімдерінің бірінде отырғаны анықталды. Қазақстаннан келген анасы 30 қазанда Ә.Кеңесханды сол жерден алып, бүгінде елге оралуға дайындалып жатыр", - делінген ресми хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети