Түркияда жол апатынан зардап шеккендер елге жеткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов айтты.
Түркияда жол апатынан зардап шеккендер елге жеткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов айтты.
"Мәселе шешілді, олар бүгін Қазақстанға ұшып келеді. Түстен кейін шығып, кешке қарай ұшып келеді. Рейсті санитарлық авиацияның көмегімен ұйымдастырдық", - деді Жайнақов. Сондай-ақ, ол зардап шеккендердің Алматыға келетінін айтып өтті.
Түркияға олардың жақындарының барғаны да белгілі болды.
"Өз бетінше қозғала алатындар Қазақстанға оралды. Ал төртеуі әлі Антальяда және зардап шеккендерге көмектесу үшін төрт жақындары барды", - деді ҚР СІМ баспасөз қызметіндегілер.
Мұның алдында Түркияға Қазақстаннан демалуға барған жеті дос жантүршігерлік жол апатына ұшырағаны белгілі болған еді. Жол-көлік оқиғасынан төрт түрік азаматы қаза тапқан, ал қазақстандықтар түрлі дәрежеде жарақат алып, ауруханаға түскен.